Қасым-Жомарт Тоқаев опера әншісі Әлібек Дінішевке атақ берді

Қасым-Жомарт Тоқаев опера әншісі Әлібек Дінішевке атақ берді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әлібек Дінішевке «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын берді, деп хабарлайды Qazaqpress.

«Отандық мәдениетті дамыту мен музыка өнерін дәріптеудегі айрықша еңбегі үшін Әлібек Мұсаұлы Дінішевке жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілсін», — делінген Президент қаулысында.

Айта кетсек, бүгін Әлібек Дінішев 70 жасқа толды. Ол 1951 жылы 30 шілдеде Алматыда туған.

Әлібек Дінішев — қазақ опера әншісі (тенор), КСРО мен Қаз КСР халық әртісі.