---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/07/29/rezhisser-bolat-atabaev-oemirden-ozdy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Режиссер Болат Атабаев өмірден озды

![Режиссер Болат Атабаев өмірден озды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/07/hzcokgbw.jpg)

**Белгілі режиссер, қоғам қайраткері және драматург Болат Атабаев өмірден озды, деп хабарлайды Qazaqpress.**

Бұл туралы құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.

Болат Атабаев 1952 жылы 14 мамырда дүниеге келген. Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, «Ақсарай» театрының көркемдік жетекшісі, республикалық неміс театрының, М.Әуезов атындағы академиялық драма театрының режжисері болды. Грузия, Италияда тәжірибеден өтіп, Германияда білім алды. 40-тан астам спектакльді сахналап, қазақ және орыс тілдерінде бірнеше пьеса жазды.

Болат Атабаев театр өнеріне орасан зор үлес қосқан тұлға. Ол режиссерлік еткен қойылымдар Ресей, Германия, Грузия, Түрікменстан мен Қазақстанда өткен халықаралық театр фестивальдерінде жүлдеге ие болды.

Сонымен қатар Болат Атабаев оппозициялық қозғалыстың белсенді мүшесі болғанын атап өткен жөн.

 

---

Жарияланды: 2021-07-29T05:23:09+06:00

Жаңартылды: 2021-07-29T05:28:43+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Мәдениет](https://qazaqpress.kz/category/m%d3%99deniet/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/07/29/rezhisser-bolat-atabaev-oemirden-ozdy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.