---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/07/29/qazaqstanda-linkedin-aelewmettik-zhelisi-qajta-qosyldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қазақстанда LinkedIn әлеуметтік желісі қайта қосылды

![Қазақстанда LinkedIn әлеуметтік желісі қайта қосылды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/07/ml6q0h16171770897619_l.jpg)

**Іскерлік байланыс орнату және іздеуге арналған LinkedIn әлеуметтік желісі Қазақстанда қайта қосылды, деп хабарлайды Qazaqpress.**

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі LinkedIn.com интернет-ресурсының бұғатталуына байланысты туындаған жағдай бойынша LinkedIn компаниясының ресми өкілдерімен келіссөздер жүргізген.

> — LinkedIn сайтының әкімшілігі өз сайттарында жарияланған материалдарда Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу дерегі анықталғандығы туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жолдаған хабарламаны қарастырып, Қазақстан тарапының талаптарын негізді деп танып, интернет-ресурстан заңсыз контентті алып тастады.
> 
> 
> 
> 
> Осыған байланысты, қазақстандық пайдаланушылар үшін АҚДМ-мен LinkedIn.com интернет-ресурсына қолжетімділікті қалпына келтіру бойынша тиісті шаралар қабылданды, — делінген хабарламада.

---

Жарияланды: 2021-07-29T06:57:00+06:00

Жаңартылды: 2021-07-29T06:57:00+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Технология](https://qazaqpress.kz/category/tehnologiya/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/07/29/qazaqstanda-linkedin-aelewmettik-zhelisi-qajta-qosyldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.