---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/07/28/zhangbyr-arty-qalyng-shoep/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Жаңбыр арты қалың шөп

![Жаңбыр арты қалың шөп](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/07/large.jpg)

**27 шілдеде Қазақстан 2020 жылғы Токиодағы Олимпиада ойындарында медаль жеңіп алған жоқ, деп хабарлайды Qazaqpress.**

Қазақстандық боксшы Надежда Рябец Токиода өткен Олимпиада ойындарындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіліп қалды.

Ол 75 келіге дейінгі салмақта канадалық Тамара Тиболттан 1:4 ұпаймен ұтылды. Рябец — Токиодағы Қазақстанның жалғыз боксшысы. Әйелдер арасындағы бокс жарыстары бес түрлі салмақ дәрежесінде өтеді.

![](https://qazaqpress.kz/wp-content/uploads/2021/07/download-1.jpeg)

Ал 27 шілде күні қазақстандық боксшы Бекзад Нұрдәулетов Токиода өткен Олимпиада турнирінің ширек финалына өте алмай қалды. 81 келіге дейінгі жартылай ауыр салмақтағы қазіргі әлем чемпионы Бекзад Нұрдаулетов 1/8 финалда ресейлік боксшысы Имам Хатаевтан әділ қазылардың бөлінген шешімі бойынша жеңілді деп саналды (29:28, 28:29, 28:29, 27:30, 27:30).

![](https://qazaqpress.kz/wp-content/uploads/2021/07/download-1-1.jpeg)

Қазақстандық боксшы Абылайхан Жүсіпов те әділ қазылардың шешімі бойынша америкалық боксшы Деланте Джонсоннан жеңіліп, Токиода өткен Олимпиада турнирінің ширек финалына өте алмады. Есеп — 29:28, 27:30, 27:30, 28:29, 28:29.

![](https://qazaqpress.kz/wp-content/uploads/2021/07/download-2.jpeg)

Қазақстандық боксшы Серік Теміржанов болса әділ қазылардың бірауыздан қабылданған шешімімен Токио Олимпиадасының ширек финалына өте алмады. 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Серік 1/8 финалда 2017 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, американдық Дюк Рэганнан ұтылып қалды.

![](https://qazaqpress.kz/wp-content/uploads/2021/07/images-1.jpeg)

Алайда үміт үзу әлі ерте көрінеді. Себебі Токио Олимпиадасында гимнаст Милад Карими үшінші финал ширегіне шықты. Екінші нәтижемен финалға, сегізінші нәтижемен көпсалалы финалда 20-орынға ие болып, алға қарай басты.

![](https://qazaqpress.kz/wp-content/uploads/2021/07/1627119704-300x200.jpg)

Ал 28 шілде Токио ойындарында Алексей Луценко бетпе-бет жеке жарысында Қазақстан атынан қатысады.

![](https://qazaqpress.kz/wp-content/uploads/2021/07/download-4.jpeg)

---

Жарияланды: 2021-07-28T07:29:32+06:00

Жаңартылды: 2021-07-28T08:26:53+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Спорт](https://qazaqpress.kz/category/sport/)

Тегтер: [олимпиада](https://qazaqpress.kz/tag/olimpiada/), [Токио](https://qazaqpress.kz/tag/tokio/), [Қазақстан](https://qazaqpress.kz/tag/qazaqstan/), [үміт](https://qazaqpress.kz/tag/uemit/), [ұтылыс](https://qazaqpress.kz/tag/utylys/)

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/07/28/zhangbyr-arty-qalyng-shoep/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.