---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/07/27/tokio-olimpiadasynyng-zhueldegeri-eldos-smetovke-zhanga-koelik-syjgha-tartyldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Токио Олимпиадасының жүлдегері Елдос Сметовке жаңа көлік сыйға тартылды

![Токио Олимпиадасының жүлдегері Елдос Сметовке жаңа көлік сыйға тартылды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/07/photo_369040.png)

**Токио Олимпиадасында Қазақстанның қоржынына алғаш рет жүлде салған дзюдошы Елдос Сметовті қазақстандықтар қошеметпен қарсы алды, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.**

Әуежайда Олимпиада ойындарының екі дүркін жүлдегеріне автокөлік сыйға тартылды.

Қазақстандықтар Сметовті әуежайдан шашу шашып күтіп алды. Жанкүйерлер Елдосқа арналған түрлі плакат алып шықты. Күтіп алушылар арасында спортшының алғашқы бапкері де болды.

> — Міне, нағыз чемпион. Менің алғашқы жаттықтырушым. Кішкентайымнан өз баласындай көріп, алақанына салып өсірген менің бапкерім – деді дзюдошы.
> 
> 
> 
> 
> — «Алтын» армандап барсам да, бұйырғаны «қола» болды. Оған да қатты қуандым. Өйткені күллі қазақ мен үшінші орын алғанда «Елдостың қоласы бізге алтыннан артық» деп жар салды. Енді міне құшақтарын ашып күтіп алып жатыр. Бұдан артық бақыт бар ма? – деді Елдос.

**[Vesti.kz](https://kaz.vesti.kz/olimpiada/mumkndk-bolsa-el-ushn-nege-kurespeske-eldos-smetov-keles-16135/)** тілшісіне берген сұхбатында Елдос Сметов 2024 жылы өтетін Париж Олимпиадасына қатысу туралы ойын айтты.

> — Шынымды айтсам, мен үшін төртжылдықтың жарысы енді аяқталды. Сондықтан әлі өз-өзіме келіп үлгермедім. Қазір демалыс алып, денсаулығымды түзеймін. Осыған дейін жиналып қалған жарақаттарымды емдеймін. Егер бәрі жақсы болып, күресуге мүмкіндік болып жатса неге ел үшін, жер үшін күреспеске? Спорттық карьерамдағы басты арманым — Олимпиаданың алтынын алу, – деп айтты Сметов.

---

Жарияланды: 2021-07-27T06:45:17+06:00

Жаңартылды: 2021-07-27T07:20:13+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Спорт](https://qazaqpress.kz/category/sport/)

Тегтер: [дзюдошы](https://qazaqpress.kz/tag/dzyudoshy/), [жеңіс](https://qazaqpress.kz/tag/zhengis/), [олимпиада](https://qazaqpress.kz/tag/olimpiada/), [қазақстандықтар](https://qazaqpress.kz/tag/qazaqstandyqtar/), [қарсы алу](https://qazaqpress.kz/tag/qarsy-alw/), [әуежай](https://qazaqpress.kz/tag/aewezhaj/)

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/07/27/tokio-olimpiadasynyng-zhueldegeri-eldos-smetovke-zhanga-koelik-syjgha-tartyldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.