---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/07/27/qazaqstanda-linkedin-aelewmettik-zhelisi-bughattaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қазақстанда LinkedIn әлеуметтік желісі бұғатталды

![Қазақстанда LinkedIn әлеуметтік желісі бұғатталды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/07/photo_369044.jpeg)

**Қазақстанда іскерлік байланыс орнату және іздеуге арналған LinkedIn әлеуметтік желісі бұғатталды, деп хабарлайды****Qazaqpress Tengrinews.kz****-ке сілтеме жасап. **

Әлеуметтік желі қолданушылары 26 шілдеде кешке сайтқа кіру мүмкін емес екенін айтып, шағымдана бастаған.

Қазақстанның Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің мәліметі бойынша, LinkedIn-ге қолжетімділік интернет-ресурс тарапынан заңбұзушылық тіркелуіне байланысты шектелген. Желіні талдау барысында интернет-казино жарнамасы және жалған парақшалар тәрізді деректер анықталған.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі сайтқа ескерту жолдаған, бірақ «Linkedin интернет-ресурсының әкімшілігі тарапынан заңбұзушылықты жою бойынша шаралар қабылданбаған».

> «Осыған байланысты министрлік «Байланыс туралы» заңның 41-1-бабында көзделген тәртіппен интернет-ресурсқа кіруді шектеу жөнінде шаралар қабылдады.
> 
> 
> 
> 
> Бұл ретте, Linkedin интернет-ресурсы заңнаманы бұзу деректерін жойған жағдайда, қолдануға мүмкіндік қайтадан беріледі», — делінген ведомство хабарламасында.

LinkedIn — бұл іскерлік қарым-қатынас, қызметкерлерді іздеу және бос жұмыс орындарын жариялауға арналған әлеуметтік желі. 2016 жылы компанияны Microsoft 26 миллиард долларға сатып алған.

---

Жарияланды: 2021-07-27T09:18:17+06:00

Жаңартылды: 2021-07-27T09:18:17+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/07/27/qazaqstanda-linkedin-aelewmettik-zhelisi-bughattaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.