---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/07/27/almatyda-kuen-sajyn-kvi-indetin-zhuqtyrghan-2-700-nawqas-zhedel-zhaerdem-shaqyrady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматыда күн сайын КВИ індетін жұқтырған 2 700 науқас жедел жәрдем шақырады

![Алматыда күн сайын КВИ індетін жұқтырған 2 700 науқас жедел жәрдем шақырады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/07/whatsapp-image-2020-10-17-at-18.05.45-1-750x469-1.jpeg)

**Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте халықты тағы да вакциналауға шақырды,****деп хабарлайды****Qazaqpress****.**

Ол жүктеменің дәрігерлерге, әсіресе алғашқы медициналық көмекке едәуір артқанын айтты. Қалалық денсаулық басқармасы басшысының айтуынша, ауруханаға жатқызылған науқас саны өсуде. Егер бір ай бұрын бұл тәулігіне 40-70 науқас болса, бүгінде жұқпалы аурулар ауруханасында емделуді қажет еткен коронавируспен ауыратын науқастардың саны 400 адамға жетеді.

> «Көптеген науқастар үйде емделуде. Қазірдің өзінде 7 361 науқас бақылауда. Телемедицина орталығының штатын қосымша мамандарды тарта отырып, науқастарға қашықтан кеңес беретін 84 қызметкерге дейін көбейтуге тура келді», – деді Н. Табынбаев.

ҚДБ басшысы бірінші кезектегі міндет өлім жағдайының көбеюіне жол бермеу екенін айтты.

> «Алматыда жедел жәрдем шақыруларының тәуліктік саны 2 700-ге жетті. Шілде айында ЖРВИ, КВИ және пневмониямен шақырулардың үлесі 2 есе артты. Тәуекел тобында әлі де созылмалы аурулармен ауыратын адамдар бар», – деді спикер.

Н. Табынбаевтың айтуынша, жаңа «дельта» штамы жастар қауымына қауіпті. Алматыда 40 жасқа дейінгі 2 адам коронавирустан қайтыс болды.

> «Коронавирустың жаңа штамын жұқтырған науқастардың жағдайы алты сағат ішінде нашарлауда», – деп толықтырды ҚДБ басшысы.

Еске салсақ, КВИ таралуына қарсы тұрудың жалғыз жолы вакцина алу. Н. Табынбаев алматылықтарды өз денсаулығы мен жақындарының денсаулығын сақтау үшін белсенді вакциналауға шақырады.

Алматыда екпе пункттерінің кең желісі ашылды. Күн сайын 15-20 мыңға дейін екпе алуға мүмкіндік бар. 26 шілдедегі жағдай бойынша вакцинаның 1-ші компонентінің 768 545 дозасы және 2-ші компонентінің 499 185 дозасы алынды.

---

Жарияланды: 2021-07-27T13:51:09+06:00

Жаңартылды: 2021-07-27T13:51:09+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Денсаулық](https://qazaqpress.kz/category/densauly%d2%9b/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/07/27/almatyda-kuen-sajyn-kvi-indetin-zhuqtyrghan-2-700-nawqas-zhedel-zhaerdem-shaqyrady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.