---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/07/26/almaty-qalasynda-baghdarshamgha-soghylghan-zhuergizwshi-mert-boldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматы қаласында бағдаршамға соғылған жүргізуші мерт болды

![Алматы қаласында бағдаршамға соғылған жүргізуші мерт болды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/07/3bd39492-0f8a-47dc-aa09-e0442b6ee892-750x498-1.jpg)

**Алматы қаласында бағдаршамға соғылған жүргізуші мерт болды, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Қалалық полиция департаментінің дерегінше, жол-көлік оқиғасы шілде күні сағат шамамен 07:44-ке Сайын мен Шаляпин көшелерінің қиылысында болған.

> «1999 жылғы А. есімді жүргізуші «Toyota Corolla» маркалы автокөлігін басқару кезінде Сайын көшесінен солтүстікке қарай, Шаляпин көшесімен қиылысар тұста көлігін басқара алмай, 9-шы шағынауданның 24-ші үйінің маңында кедергіге (бағдаршам бағаны, ред.) соғылған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан алған жарақатынан жүргізуші оқиға орында көз жұмды. Аталмыш факті ҚР ҚК-нің 3-бөлімі 345-бабы бойынша Алматы ПД СДТБТ-ға тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалып, соталды тергеу жалғасуда», — деп ақпараттандырды Алматы қаласының ПД Анықтау басқармасының бастығы полиция подполковнигі Олжас Шәріпов.

---

Жарияланды: 2021-07-26T08:19:46+06:00

Жаңартылды: 2021-07-26T08:19:46+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/07/26/almaty-qalasynda-baghdarshamgha-soghylghan-zhuergizwshi-mert-boldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.