---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/07/23/toqaev-awyl-aekimderin-sajlawgha-qatysty-pikir-bildirdi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Тоқаев ауыл әкімдерін сайлауға қатысты пікір білдірді

![Тоқаев ауыл әкімдерін сайлауға қатысты пікір білдірді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/07/photo_368368.jpeg)

**Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды ауыл әкімінің сайлауында белсенді дауыс беруге шақырды, деп хабарлайды Qazaqpress.**

> — 25 шілде күні Қазақстанда алғаш рет ауыл әкімдерінің тікелей сайлауы өтеді. Бұл оқиға саяси жаңғырудың жаңа кезеңін білдіреді. Сайлаушыларды белсенді дауыс беруге шақырамын. Халықтың мүддесі үшін барлық қажетті өзгерістерді жүзеге асыру керек, — деп жазды Тоқаев Twitter-де.

Айта кетсек, 25 маусымда аудандық сайлау комиссияларының шешімімен еліміздің 14 облысының 176 ауданында (қалаларында) 730 сайлау округі бойынша сайлау жарияланған болатын.

---

Жарияланды: 2021-07-23T05:56:58+06:00

Жаңартылды: 2021-07-23T05:56:58+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/07/23/toqaev-awyl-aekimderin-sajlawgha-qatysty-pikir-bildirdi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.