---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/07/23/qazaqstan-tokio-olimpiadasyn-translyaciyalaw-quqyghyn-satyp-aldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қазақстан Токио Олимпиадасын трансляциялау құқығын сатып алды

![Қазақстан Токио Олимпиадасын трансляциялау құқығын сатып алды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/07/2948379-60523548-2560-1440.jpg)

**Қазақстан XXXII жазғы Олимпиада ойындарының трансляциясына қатысты Жапонияның «Dentsu Inc.» компаниясымен келіссөзді нәтижелі аяқтады, деп хабарлайды****Qazaqpress «Қазақстан» РТРК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.**

> «Қазақстан» телерадиокорпорациясы мен «Хабар» агенттігі» АҚ ел аумағында Токио Олимпиадасын және 2022 жылғы Пекинде өтетін Қысқы Олимпиада ойындарын көрсету құқығын иеленді. Келісімшарт қорытындысы бойынша трансляция құнын қолайлы бағада сатып алу туралы ортақ мәмілеге қол жеткізілді», — делінген хабарламада.

Қазақстандықтар 23 шілде мен 8 тамыз аралығында Токиода өтетін Жазғы Олимпиада ойындарын «Qazaqstan», «Qazsport» және «Хабар» телеарналарынан тікелей эфирде көре алады. Қазақстан құрамасының қоржынында спорттың 27 түрі бойынша 97 лицензия бар.

---

Жарияланды: 2021-07-23T10:45:39+06:00

Жаңартылды: 2021-07-23T10:45:39+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Спорт](https://qazaqpress.kz/category/sport/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/07/23/qazaqstan-tokio-olimpiadasyn-translyaciyalaw-quqyghyn-satyp-aldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.