---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/07/21/qazaqstanda-taghy-bir-qarzhy-piramidasynyng-qyzmeti-toqtatyldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қазақстанда тағы бір қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды

![Қазақстанда тағы бір қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/07/2nqfvnx9g2izgl1v81hrb71mzqpigbmigccoqevc.jpg)

**Ақмола облысында 450 миллион теңгеден аса шығын келтерген қаржы пирамидасы анықталды, деп хабарлайды Qazaqpress Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.**

Агенттіктің Ақмола облысы бойынша аумақтық департаменті LV Force қаржы пирамидасының заңсыз қызметін тоқтатқан.

> — Қабылданған шаралар нәтижесінде Шымкент, Алматы қалаларында және Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында LV Force қаржы пирамидасының бөлімшелері жойылды. Қаржы пирамидасына екі мыңнан аса адам тартылған. Шығын 450 миллион теңгеден асады. Қазіргі уақытта алаяқтық схеманың басты ұйымдастырушысы екі айға қамауға алынды, — делінген хабарламада.

Агенттік ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 150-бабында және ҚР ҚК-ның 217-бабында қаржы пирамидаларын жарнамалау және олардың қызметін жүзеге асыру үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.

---

Жарияланды: 2021-07-21T11:38:08+06:00

Жаңартылды: 2021-07-21T11:38:08+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/07/21/qazaqstanda-taghy-bir-qarzhy-piramidasynyng-qyzmeti-toqtatyldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.