---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/07/21/almaty-oblysynda-33-500-dollar-para-alghan-shenewnik-ustaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматы облысында 33 500 доллар пара алған шенеунік ұсталды

![Алматы облысында 33 500 доллар пара алған шенеунік ұсталды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/07/5926e560f7f981fb0b8d5e75990911bacc1fc579.jpg)

**Алматы облысы кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы мен мердігер ұйым басшылығына қатысты тергеу басталды, деп хабарлайды ****Qazaqpress сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап.**

> «Басқарма басшысы ЖШС басшылығынан «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде бөлінген қаражат есебінен салынатын жұмыстарды мемлекеттік сатып алу конкурсында ЖШС-ны жеңімпаз деп танығаны және нысанда орындалған жұмыстардың көлемін кедергісіз қабылдағаны үшін облыс аумағында нысан салу бойынша шарт сомасының 666 миллион теңгені құрайтын 15 пайызы есебінен қайтару ретінде 90 миллион теңгеден 33 500 доллар (14 304 500 теңге) сомасында пара алды», — делінген хабарламада.

Шенеунік, құрылтайшы және ЖШС директоры аса ірі көлемде пара алды деген күдікпен ұсталып, Алматы облысында уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Ведомство мәліметінше, бұлтартпау шарасын таңдау туралы мәселе қаралады. Тергеу жалғасып жатыр. ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіндегі басқа мәліметтер жария етуге жатпайды.

---

Жарияланды: 2021-07-21T05:23:05+06:00

Жаңартылды: 2021-07-21T05:23:05+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/07/21/almaty-oblysynda-33-500-dollar-para-alghan-shenewnik-ustaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.