---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/07/20/tuerkistan-oblysyndaghy-karantin-bojynsha-zhanga-qawly-shyqty/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Түркістан облысындағы карантин бойынша жаңа қаулы шықты

![Түркістан облысындағы карантин бойынша жаңа қаулы шықты](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/07/d24740a35ada2664d39134ddc3fac22e_xl.jpg)

**Түркістан облысы бас мемлекеттік санитария дәрігерінің жаңа қаулысы шықты, деп хабарлайды Qazaqpress.**

> — 2021 жылғы 10 тамызға дейінгі мерзімде профилактикалық вакцинаның бірінші компонентімен, ал 2021 жылғы 1 қыркүйекке дейінгі мерзімде COVID-19 вакцинасының екінші компонентін салуды ұйымдастыру, — делінген қаулыда.

Сондай-ақ, қаулыда COVID-19-ға қарсы вакцина алмаған қызметкерлер үшін күндізгі режимде жұмыс істеуге шектеу қойылған.

Өзгерістерге сәйкес, Ashyq жобасына қатысатын нысандардың жұмыс кестесі мынадай:

- Қоғамдық тамақтану нысандары: сағат 07:00-ден 24:00-ге дейін, толымдылығы 50 пайызға дейін, бірақ 50 орыннан артық емес. Олардың жұмысы сенбі және жексенбі күндері тоқтатылды.
- Жазғы алаңдар сағат 07:00-ден 24:00-ге дейін жұмыс істейді, бірақ 50 орыннан аспайды (сенбі және жексенбі күндері жұмыс тоқтатылады).
- Фуд-корттар сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін, бірақ 30 орыннан артық емес (20 пайыз) (сенбі және жексенбі күндері жұмыс тоқтатылады).
- Банкет залдары (ас беру, мейрамханалар мен дәмханалар типі бойынша қызмет көрсету) – сағат 07:00-ден 24:00-ге дейін бір адамға 4 шаршы метрден кем емес, бірақ 30 адамнан аспайтын алаңмен қамтамасыз етілген кезде (сенбі және жексенбі күндері жұмыс тоқтатылады).
- Сауналар, СПА-орталықтар, бассейндер, спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары мен фитнес-орталықтар, йога-орталықтар сенбі және жексенбі күндері жұмыс істейді.
- Мәдениет нысандары (дайындық) — 30 адамға дейін, сондай-ақ екі компонент салдырған (сенбі және жексенбі күндері жұмысты тоқтату).
- Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары мен филармониялар толымдылығы 30 пайыздан аспайтын уақытта жұмыс істей алады, сенбі және жексенбі күндері олар жұмысын тоқтата тұрады. Бильярд бөлмелері 12:00-ден 24:00-ге дейін жұмыс режимімен 30 пайыздан аспайтын мөлшерде жұмыс істей алады (олардың жұмысы сенбі және жексенбі күндері тоқтатылады).
- PlayStation клубтарын қоса алғанда, компьютерлік клубтар 12:00-ден 24:00-ге дейін жұмыс режимімен 30 пайыздан аспайтын келушімен жұмыс істейді (олардың жұмысы сенбі және жексенбі күндері тоқтатылады).
- Боулинг клубтары да 30 пайыздан аспайтын мөлшерде жұмыс істейді, жұмыс режимі сағат 12:00-ден 24:00-ге дейін, сенбі және жексенбі күндері жұмыс істемейді.
- Караоке-клубтарға сағат 07:00-ден 24:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі, бірақ 30 адамнан аспауы керек (сенбі және жексенбі күндері жұмыс тоқтайды).

Қаулы 2021 жылғы 22 шілдеде түнгі сағат он екіден бастап күшіне енеді.

---

Жарияланды: 2021-07-20T10:34:25+06:00

Жаңартылды: 2021-07-20T10:34:25+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Денсаулық](https://qazaqpress.kz/category/densauly%d2%9b/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/07/20/tuerkistan-oblysyndaghy-karantin-bojynsha-zhanga-qawly-shyqty/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.