---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/07/20/toqaev-elimizdegi-epidemiologiyalyq-ahwal-nasharlap-barady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Тоқаев: Еліміздегі эпидемиологиялық ахуал нашарлап барады

![Тоқаев: Еліміздегі эпидемиологиялық ахуал нашарлап барады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/07/photo_368368.jpeg)

**Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде эпидемиологиялық жағдайдың нашарлағанын мәлімдеді**, **деп хабарлайды** **Qazaqpress.**

Президенттің айтуынша, соңғы кездері науқастардың саны күрт көбейген.

> «Күніне 5 мыңнан астам науқас тіркеледі. Бір апта бұрын біз бұл мәселені Үкіметтің кеңейтілген отырысында қарастырдық. Сол кезде үкімет бәрі бақылауда екенін жариялады. Өкінішке орай, жағдай жақсармай тұр. Керісінше, эпидемиологиялық ахуал нашарлап барады. Әсіресе, елордадағы жағдай өте күрделі», — деді Президент.

Осыған байланысты Президент шұғыл шаралар қабылдану қажеттігін айтты.

> «Өңірлердің басым бөлігі қызыл аймақта. Ауыр және аса ауыр жағдайдағы науқастардың саны күн сайын көбейіп барады. Ең өкініштісі, азаматтарымыздан айырылып жатырмыз. Сондықтан шұғыл түрде іс-шараларды қолдануымыз керек. Тиісті жұмыс жоспарын дайындап, оны міндетті түрде іске асыруымыз қажет», — деді ол.

---

Жарияланды: 2021-07-20T06:22:34+06:00

Жаңартылды: 2021-07-20T06:22:34+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/07/20/toqaev-elimizdegi-epidemiologiyalyq-ahwal-nasharlap-barady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.