---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/07/20/almatyda-motocikl-qaghyp-ketken-aejel-mert-boldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматыда мотоцикл қағып кеткен әйел мерт болды

![Алматыда мотоцикл қағып кеткен әйел мерт болды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/07/screenshot_4-3.png)

**Алматы қаласында әйелді баласымен бірге мотоцикл мінуші қағып кеткен болатын, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

> «1962 жылы туған Г есімді DUKE BLACK мотоцикл жүргізушісі Сәтпаев көшесімен №4 ғимаратқа қарама-қарсы батыс бағытымен келе жатып Республика алаңында 2 жолаушыны қағып кетті. Ол 1976 жылы туған Н есімді жаяу жүргінші және қасында 2015 жылы туған М есімді кәмелет жасына толмаған жеткіншек баласы болған. Жол апаты салдарынан жарақат алған анасы мен баласы қалалық аурухананың реанимация бөліміне жатқызылды, ауыр жарақаттан әйел сол жерде көз жұмды. Сондай-ақ, мотоцикл жүргізушісі де жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Оқыс оқиға ҚР ҚК 345-бабы 3-тармағына сәйкес сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестрінде тіркелді. Тергеу жұмыстары басталды», — деді Алматы қалалық Полиция департаменті анықтау басқармасының басшысы Олжас Шәріпов.

---

Жарияланды: 2021-07-20T07:14:13+06:00

Жаңартылды: 2021-07-20T07:14:13+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/07/20/almatyda-motocikl-qaghyp-ketken-aejel-mert-boldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.