---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/07/19/aqtoebelik-turghyn-koeligining-ishine-benzin-qujyp-oezin-oezi-oertemek-boldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Ақтөбелік тұрғын көлігінің ішіне бензин құйып, өзін-өзі өртемек болды

![Ақтөбелік тұрғын көлігінің ішіне бензин құйып, өзін-өзі өртемек болды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/07/210719092958a3813775d.jpg)

**Ақтөбелік тұрғын көлігінің ішіне бензин құйып, өзін-өзі өртемек болды, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Айта кетсек, оқиға 18 шілде күні сағат 20:23-те тіркелді. Ақтөбе облыстық ТЖД кезекші-диспетчерлік пультіне полиция қызметкерлерінен хабарлама түсті. Ақтөбе қаласының тұрғыны «Лексус 350» маркалы жеке автокөлігінің салонына бензин құйып, есіктерін құлыптап, өзін-өзі өртемек болды.

> «Шақырту орнына шұғыл түрде 8 адам және 2 техника жіберілді. Оқиға орнына келген бойда өрт сөндіруші-құтқарушылар, азаматтық қорғау кіші сержанттары Т.К. Сырымбетов пен А.Р. Омаров машинаның артқы әйнегін сындырып, ал басқа құтқарушылар көбік шашты. Осылайша жедел әрі тиянақты әрекет ету нәтижесінде 1983 жылы туған тұрғын құтқарылды»,- деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

---

Жарияланды: 2021-07-19T06:12:56+06:00

Жаңартылды: 2021-07-19T06:12:56+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/07/19/aqtoebelik-turghyn-koeligining-ishine-benzin-qujyp-oezin-oezi-oertemek-boldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.