---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/07/18/19-shildede-toqaev-sanitarlyq-epidemiologiyalyq-ahwal-zhoeninde-zhumys-kengesin-oetkizedi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# 19 шілдеде Тоқаев санитарлық-эпидемиологиялық ахуал жөнінде жұмыс кеңесін өткізеді

![19 шілдеде Тоқаев санитарлық-эпидемиологиялық ахуал жөнінде жұмыс кеңесін өткізеді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/03/telegramma-pozdravleniya_mediumthumb.jpg)

**19 шілде күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал жөнінде жұмыс кеңесін өткізеді, деп хабарлайды Qazaqpress.**

Бұл жөнінде Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли ресми мәлімет таратты.

> «Жиынға Премьер-министр, ведомстволардың басшылары, қалалар мен облыстардың әкімдері қатысады.
> 
> 
> 
> 
> Мемлекет басшысы коронавирус індетіне қарсы күрес жөніндегі шаралар туралы Үкіметтің есебін тыңдайды.
> 
> 
> 
> 
> Кеңес барысында өңірлердегі жалпы жағдайды жақсартуға және Қазақстан азаматтарының денсаулығын сақтауға бағытталған үйлесімді іс-қимыл жоспары қабылданбақ», — делінген хабарламада.

---

Жарияланды: 2021-07-17T18:21:14+06:00

Жаңартылды: 2021-07-17T18:21:14+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Денсаулық](https://qazaqpress.kz/category/densauly%d2%9b/), [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/07/18/19-shildede-toqaev-sanitarlyq-epidemiologiyalyq-ahwal-zhoeninde-zhumys-kengesin-oetkizedi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.