---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/07/15/nurbolat-abdwllin-artyq-salmaqtan-qalaj-qutylghanyn-ajtyp-berdi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Нұрболат Абдуллин артық салмақтан қалай құтылғанын айтып берді

![Нұрболат Абдуллин артық салмақтан қалай құтылғанын айтып берді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/07/20210715_134229.jpg)

**Белгілі әнші Нұрболат Абдуллин жас кезінде артық салмағы болғанын айтты, деп хабарлайды Qazaqpress Nur.kz-ке сілтеме жасап.**

Қазіргі сымбаттылығына жету үшін 13-14 келі салмақ тастап, өзін шектеуге мәжбүр болғанын өзінің Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

Әнші мұндай жетістікке ең алдымен, шыдамдылық пен сабырлылықтың арқасында жетуге мүмкіндік бар деді.

> — Ол кезде талғамайтын кездер еді. Жиырмадан енді асқан шағым. Жолшыбай донер, самсаны сүйкей салып, кешке турник, брусьяда жаттығатынмын – деді әнші.
> 
> 
> 
> 
> — Уақыт өте түсіне бастадым, сахнаның өзіндік сәні, формасы барын. Тәтті тамақтардан бас тарту үшін үлкен шыдамдылық керек екен. Үйрендік. Қалыпқа келе бастағанда қатарға қосылдым.
> 
> 
> 
> 
> Артық салмағың болмағаны кей жерлерде абырой болды. Кейде ойлансам кезіндегі қиын шақтар қазір қызық болып көрінеді.
> 
> 
> 
> 
> Десе де, кей дәрігерлер артық салмақтың тамақтануға байланысты емес екендігін айтып отыр – деді Нұрболат Абдуллин Instagram парақшасындағы жарияланымында.

---

Жарияланды: 2021-07-15T07:42:43+06:00

Жаңартылды: 2021-07-15T07:50:37+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Мәдениет](https://qazaqpress.kz/category/m%d3%99deniet/)

Тегтер: [Instagram](https://qazaqpress.kz/tag/instagram/), [артық салмақ](https://qazaqpress.kz/tag/artyq-salmaq/), [бөлісу](https://qazaqpress.kz/tag/boelisw/), [Нұрболат Абдуллин](https://qazaqpress.kz/tag/nurbolat-abdwllin/)

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/07/15/nurbolat-abdwllin-artyq-salmaqtan-qalaj-qutylghanyn-ajtyp-berdi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.