---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/07/15/birtanovtyng-uej-qamaqtaghy-merzimi-uzartyldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Біртановтың үй қамақтағы мерзімі ұзартылды

![Біртановтың үй қамақтағы мерзімі ұзартылды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/04/birtanov-1024x590-1.jpg)

**ҚР бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың үй қамақта болу мерзімі екі айға ұзартылды**, **деп хабарлайды Qazaqpress.**

> — ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 55, 56, 148, 151, 152-баптарын басшылыққа ала отырып, судья мынандай қаулы шығарды: материалдармен танысу кезеңінде үйқамақта болу мерзімін екі айға ұзарту туралы күдікті Біртанов Елжан Амантайұлының өтініші қанағаттандырылсын., яғни 2021 жылдың 14 қыркүйегі сағат 21: 56-ға дейін, осы аталған уақыт та қоса есептелсін. Үй қамағында болу жағдайларын өзгерту тұрғысынан, атап айтқанда, үйден толығымен шығуға тыйым салынсын, телефонмен сөйлесуге тыйым салынсын, отбасы мүшелерінен басқа барлық адамдармен сөйлесуге тыйым салынсын, күдіктіге бақылау қою — бас тартылады, — деді Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының судьясы Алмат Бабатов.

Судья бұл шешімді прокурордың талабы бойынша қарауға немесе оны соттың хабарландыруынан кейін төрт күн ішінде елорданың мамандандырылған аудандық тергеу соты арқылы шағымдануға болатындығын атап өтті.

---

Жарияланды: 2021-07-15T04:50:11+06:00

Жаңартылды: 2021-07-15T04:50:11+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Денсаулық](https://qazaqpress.kz/category/densauly%d2%9b/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/07/15/birtanovtyng-uej-qamaqtaghy-merzimi-uzartyldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.