---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/07/15/almaty-oblysynda-ashwly-turghyndar-zholdy-zhawyp-tastady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматы облысында ашулы тұрғындар жолды жауып тастады

![Алматы облысында ашулы тұрғындар жолды жауып тастады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/07/photo_84338.jpeg)

**Алматы облысында тұрғындар жолды жауып тастады, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.**

Олар электр қуатының жиі өшуіне және су жоқтығына шағымданады. Әкімдік өкілдері болған жайтқа пікір білдірді.

Әлеуметтік желіде бірнеше адам жиналып, жолды жауып тастағаны туралы видео тарады.

> -Қарасай ауданының әкімдігі оқиға Жармұханбет ауылында болғанын хабарлады. 15 шілдеде сағат 13.20-да 10-15 адам жиналып, Бұрындай-Жібек жолы тасжолын жауып тастаған. Қозғалыс 10-15 минутқа тоқтатады. Осылайша тұрғындар электр қуатының жиі өшуіне және судың болмауына наразылығын білдірді.
> 
> 
> 
> 
> Сағат 14.30-да 10 шақты адам аудандық әкімдікке келді. Тұрғындарды әкім орынбасары Айдын Әуесбай қабылдап алды. Тұрғындар талабын айтты, қажет шаралар қабылданады. Бүгінде ауылда жарық бар, — деді Қарасай ауданы әкімдігінің өкілдері.

---

Жарияланды: 2021-07-15T13:33:09+06:00

Жаңартылды: 2021-07-15T13:33:09+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/07/15/almaty-oblysynda-ashwly-turghyndar-zholdy-zhawyp-tastady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.