---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/07/14/toqaev-qazhahmet-balahmetovty-merejtojymen-quttyqtady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Тоқаев Қажахмет Балахметовты мерейтойымен құттықтады

![Тоқаев Қажахмет Балахметовты мерейтойымен құттықтады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/06/photo_339274.jpeg)

**Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отандық білім беру саласының ардагері Қажахмет Балахметовті 95 жасқа толған мерейтойымен құттықтады**, **деп хабарлайды Qazaqpress.**

Тоқаев тарапынан ардагерге Алғыс хат жолданып, төсбелгі табыс етілді. Оларды мерейтой иесіне ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов табыстады.

> — Еліміздің жалпы білім беретін орта және жоғары оқу орындарын, Оқу-ағарту министрлігін басқарып, қалалық және облыстық халық депутаттары кеңестерінің, Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің депутаты болған кезіңізде қоғам үшін аянбай еңбек етіп, отандық білім және ғылым саласын дамытуға белсене атсалыстыңыз. Сіздің қаламыңыздан туған ғылыми жұмыстарыңыз аталған саланың зерттелуіне қосылған елеулі үлес болды. Ел игілігі жолында атқарған жемісті еңбегіңіз үшін Сізге алғысымды білдіріп, торқалы 95 жасқа толған мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймын. Деніңізге саулық, әулетіңізге амандық тілеймін, – деген сөздермен Президент ризашылығын білдірді.

Айта кетсек, Қажахмет Балахметов Қазақ КСР Оқу-ағарту министрлігін 13 жыл басқарды.

![](https://qazaqpress.kz/wp-content/uploads/2021/07/216839449_2920593778153303_9080809260346061937_n-275x300.jpg)

---

Жарияланды: 2021-07-14T08:20:59+06:00

Жаңартылды: 2021-07-14T08:22:13+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Білім](https://qazaqpress.kz/category/bilim/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/07/14/toqaev-qazhahmet-balahmetovty-merejtojymen-quttyqtady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.