---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/07/14/shymkentte-mektepke-qurylys-zhuergizgen-kaesipker-55-mln-tenggeni-zhymqyrdy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Шымкентте мектепке құрылыс жүргізген кәсіпкер 5,5, млн теңгені жымқырды

![Шымкентте мектепке құрылыс жүргізген кәсіпкер 5,5, млн теңгені жымқырды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/07/photo_367806.jpeg)

**Қаржы мониторингі агенттігі мектептегі құрылыстан қаражат жымқыру фактісін анықтады**, **деп хабарлайды****Qazaqpress Zakon.kz****-ке сілтеме жасап.**

> «Шымкент қаласы бойынша агенттіктің аумақтық департаменті «Жұлдыз» тұрғын үй аумағында орта мектеп салуға бөлінген 5,5 млн теңгені жымқыру дерегін анықтады», — деп хабарлайды ҚР ҚМА баспасөз қызметі.

Тергеу барысында кәсіпкер мектеп құрылысы кезінде нақты орындалмаған жұмыстар туралы дәйексіз мәліметтер бойынша есептер ұсынғаны белгілі болды.

> «Сот құрылыс-экономикалық сараптамасының қорытындысына сәйкес, мемлекетке келтірілген залал сомасы шамамен 5,5 млн.теңгені құрады. Құрылыс жұмыстарын жүргізген жосықсыз кәсіпкер кінәсін толық мойындап, келтірілген шығын сомасын өтеді», — делінген хабарламада.

Еңбекші аудандық соты оған үш жылға бас бостандығын шектеу жөнінде жаза кесті.

---

Жарияланды: 2021-07-14T09:53:47+06:00

Жаңартылды: 2021-07-14T09:53:47+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Білім](https://qazaqpress.kz/category/bilim/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/07/14/shymkentte-mektepke-qurylys-zhuergizgen-kaesipker-55-mln-tenggeni-zhymqyrdy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.