Алматыда Hyundai көлігі екі қызды қағып кетті

Алматыда Hyundai көлігі екі қызды қағып кетті

Алматы қаласында Hyundai жүргізушісі екі қызды қағып кетті, деп хабарлайды Qazaqpress Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Айта кетсек, жол апаты кешке Ходжанов көшесінде орын алған.

Алматы полициясы Бостандық аудандық полиция бөлімі барлық мән-жайларды тексеріп жатқанын жеткізді.

— Бұған дейін жәбірленушілерге келтірілген зиянның ауырлығын анықтау үшін барлық қажетті сараптамалар тағайындалды. Оның нәтижелері әлі дайын болмады. Осыған байланысты аталған факт бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданбады. Тергеу барысы бақылауға алынды, — деді Алматы қаласы ПД бастығының орынбасары Рүстам Әбдірахманов.