---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/07/13/eki-apta-bojy-izdestirilgen-zhezqazghandyq-qyz-vokzaldan-tabyldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Екі апта бойы іздестірілген жезқазғандық қыз вокзалдан табылды

![Екі апта бойы іздестірілген жезқазғандық қыз вокзалдан табылды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/07/2021071313215639778_zhez-az-an-zho-al-an-yz-tabyldy.jpg)

**Екі апта бойы іздестірілген жезқазғандық қыз вокзалдан табылды, деп хабарлайды Qazaqpress Zakon.kz-ке сілтеме жасап.**

Ол 28 маусым күні үйден кеткен. Келесі күні анасы полицияға хабарласқан.

Қыз Жезқазған, Сәтбаев, Қарағанды ​​және Нұр-Сұлтан қалаларынан да іздестірілді. Іздеу жұмысына волонтерлар да ат салысты.

> — 12 шілдеде кешке Жезқазғаннан келген такси жүргізушісі клиент іздеп, Қарағанды ​​автобекетіне бас сұғады. Сол жерден іздеудегі қызды байқайды. Бойжеткен бірден Қарағанды ​​полиция бөлімшесіне қарасты Михайловский аудандық полиция бөліміне жеткізілді. Бойжеткен полицияға денсаулығының жақсы екенін, ешкімге шағымы жоқ екенін әрі өзін еркінен тыс ешкімнің ұстамағанын айтты, — деді облыстық полиция.

---

Жарияланды: 2021-07-13T08:18:27+06:00

Жаңартылды: 2021-07-13T08:18:27+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/07/13/eki-apta-bojy-izdestirilgen-zhezqazghandyq-qyz-vokzaldan-tabyldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.