---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/07/13/almaty-aewezhajy-uendew-zhasady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматы әуежайы үндеу жасады

![Алматы әуежайы үндеу жасады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/07/photo_84224.jpeg)

**Алматы әуежайында шлагбаумдар ауыстырылуда, ал кіреберістердің бір бөлігі жабық, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.**

Осыған байланысты әуежай қызметкерлері жолаушылардан рейске алдын ала келуді сұрады. Жөндеу жұмыстарын қыркүйекке дейін аяқтау жоспарланды.

> — Жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша қолайсыздықтар туғызғанымыз үшін кешірім сұраймыз – деді Алматы халықаралық әуежай қызметкерлері.

Бұдан бұрын әуежайда VIP-терминалдың орнына жаңа халықаралық терминалдың құрылысы басталғаны хабарланған болатын. Жөндеу жұмыстары кезінде VIP-терминал ғимараты әуежайдың оңтүстік-батыс бөлігіне көшіріледі. Құрылыс жұмыстарының аяқталуы 2022 жылдың мамырына дейін жоспарланды.

Айта кетелік, 2021 жылдың сәуірінде Алматы әуежайы TAV Airports түрік компаниясының меншігіне өтті. Ал бас директоры болып Мете Еркал тағайындалды.

---

Жарияланды: 2021-07-13T04:59:03+06:00

Жаңартылды: 2021-07-13T05:04:29+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: [Алматы](https://qazaqpress.kz/tag/almaty/), [терминал](https://qazaqpress.kz/tag/terminal/), [құрылыс](https://qazaqpress.kz/tag/qurylys/), [үндеу](https://qazaqpress.kz/tag/uendew/), [әуежай](https://qazaqpress.kz/tag/aewezhaj/)

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/07/13/almaty-aewezhajy-uendew-zhasady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.