---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/07/12/almatydaghy-uesh-medmekemede-vakcinaciya-pasportyn-satqan-qyzmetkerler-aeshkere-boldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматыдағы үш медмекемеде вакцинация паспортын сатқан қызметкерлер әшкере болды

![Алматыдағы үш медмекемеде вакцинация паспортын сатқан қызметкерлер әшкере болды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/07/ecc7c70bfba48242a3d33210150a443fb85a0d53.jpg)

**Алматыда ПТР нәтижесі мен вакцинация паспорттарын қолдан жасаған үш мекеменің қызметкерлері әшкере болды, деп хабарлайды****Qazaqpress Polisia.kz****-ке сілтеме жасап. **

Қалалық криминалдық полиция басқармасының мәліметі бойынша, екі жеке медициналық орталық – «Достар Мед» және «Сұңқар» қызметкерлері жалған құжат жасағаны үшін ұсталды. Сондай-ақ, №4 поликлиникада медициналық қызметкерлердің вакцинация паспортын сатқаны және вакциналарды заңсыз жойғаны анықталды. Бірінші жағдайда клиника жанындағы зертхана қызметкері орталықтың екі медбикесі көмегімен ақшалай сыйақы үшін биоматериалды алмай ПТР-сынама тапсыруды ұйымдастырған.

Біраз уақыттан кейін «Сұңқар» медициналық орталығының дәрігер-эндоксисті ұсталды. Ол бұрын алаяқтық үшін жауапқа тартылған. Жеке тінту кезінде ПТР-сынама нәтижелері, сондай-ақ ақша процессуалдық тәртіпте тәркіленді. Сонымен қатар, №4 қалалық емхананың аға мейірбикесі ұсталды, ол 15 мың теңге көлемінде ақшалай сыйақы үшін вакцина алғандарды белгілеу журналына жалған тіркеу жасағанын мойындады. Бұл деректер ҚР ҚК-нің 385-бабы бойынша соталды тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тергеу жалғасып жатыр.

---

Жарияланды: 2021-07-12T13:34:09+06:00

Жаңартылды: 2021-07-12T13:34:09+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Денсаулық](https://qazaqpress.kz/category/densauly%d2%9b/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/07/12/almatydaghy-uesh-medmekemede-vakcinaciya-pasportyn-satqan-qyzmetkerler-aeshkere-boldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.