---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/07/08/balyqshy-syrdariya-oezenine-batyp-ketti/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Балықшы Сырдария өзеніне батып кетті

![Балықшы Сырдария өзеніне батып кетті](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/07/20170825122536.jpg)

**Балық аулауға шыққан 46 жастағы азамат Сырдария өзеніне батып кетті, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Оқиға кеше, 7 шілдеде сағат 23.00 шамасында болды. 1975 жылғы азамат облыс орталығындағы «Рисмаш» аумағында Сырдарияға балық аулауға шығып, суға батып кеткен.

> «Облыстық төтенше жағдайлар департаментіне қарасты жедел құтқару жасағынан 4 құтқарушысы 1 техникамен және суға жүзу қайығымен оқиға орнына барды. Іздеу шаралары нәтижесінде азаматтың мәйіті бүгін, 8 шілдеде сағат 6.05-те судан шығарылды», — деп мәлім етті облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінің маманы Әлия Ережепова.

---

Жарияланды: 2021-07-08T07:27:57+06:00

Жаңартылды: 2021-07-08T07:27:57+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/07/08/balyqshy-syrdariya-oezenine-batyp-ketti/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.