---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/07/07/toqaev-pwtinge-koengil-ajtw-zhedelhatyn-zholdady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Тоқаев Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады

![Тоқаев Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/07/1616586095_prezidenty-rf-i-rk.jpg)

**Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады**, **деп хабарлайды Qazaqpress.**

Мемлекет басшысы Камчатка өлкесінде Ан-26 ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан жолаушылар мен экипаж мүшелерінің қаза болуына байланысты қайғылы хабарды терең күйзеліспен қабылдады.

> – Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан орны толмас қайғыға ортақтаса отырып, қаза болғандардың жақындары мен туыстарына көңіл айтамын, – делінген Ақорда жариялаған Президенттің жеделхатында.

Айта кетсек, Камчаткада Ан-26 ұшағы апатқа ұшырады. Бортта 28 жолаушы болған, оның ішінде бір бала бар. Алдын ала мәліметтер бойынша, апатқа ұшырағандар арасында аман қалғандар жоқ.

---

Жарияланды: 2021-07-07T04:57:39+06:00

Жаңартылды: 2021-07-07T04:57:39+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/07/07/toqaev-pwtinge-koengil-ajtw-zhedelhatyn-zholdady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.