қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Саясат

Зеленский, Путин және Си Цзиньпин Назарбаевты құттықтады

Агзам Текенов by Агзам Текенов
Шілде 6, 2021
Нұрсұлтан Назарбаев туралы жаңа деректі фильм көрсетіледі

Нұрсұлтан Назарбаевтың атына шет мемлекеттер көшбасшыларынан Елорда күні мен Елбасының туған күніне орай мерекелік хаттар келіп түсуде, деп хабарлайды Qazaqpress Elbasy.kz-ке сілтеме жасап.

Байланысты

Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының төрағасы Абдулла Шахидпен кездесті

Тоқаев премьер-министрді қабылдады

Тоқаевтың еңбек демалысы аяқталды

Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин өз жеделхатында Қазақстанның әлеуметтік, экономикалық және қоғамдық-саяси дамуда қол жеткізген толағай табыстары Тұңғыш Президент есімімен тығыз байланысты екенін атап өтті.

«Елдеріміз арасында одақтастық қатынастар мен стратегиялық ынтымақтастық орнатуға және нығайтуға қосқан Сіздің үлесіңіз зор. Осы қарым-қатынас, сондай-ақ Еуразия экономикалық одағы, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы, Тәуелсіз мемлекеттер достастығы және Шанхай ынтымақтастығы ұйымы аясындағы сындарлы іс-әрекет алдағы уақытта да Ресей мен Қазақстанның бауырлас халықтарының мүддесіне және Еуразия кеңістігіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге  қызмет ете беретініне сенімім мол»,– делінген В.Путиннің жеделхатында.

Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин Қазақстан мен Қытай арасындағы екіжақты қатынастарды нығайту мен дамытудағы жетістіктерді ерекше атап өтті.

«Сізді әрдайым Қытай елінің жақын досы деп білеміз. Мен Сіздің Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынастарды дамытуға қосқан өлшеусіз үлесіңізді жоғары бағалаймын. Алдағы уақытта да біздің мемлекеттеріміздің арасындағы достықты нығайтуға көңіл бөліп, қолдау көрсетеді деп сенемін», – деп жазды Си Цзиньпин.

Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Нұрсұлтан Назарбаевтың өзбек және қазақ халықтарының арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты арттыруға қосқан үлесін айрықша атап көрсетті.

«Біз Сізді көпұлтты Қазақстан халқының ұлы көшбасшысы, көрнекті мемлекет қайраткері, сондай-ақ біздің өңір мен дүние жүзі бойынша құрметке ие сұңғыла саясаткер деп білеміз. Сіздің жемісті қызметіңіз бен ішкі және сыртқы саясаттағы даналығыңыздың арқасында Қазақстан Республикасы халықаралық аренадан лайықты орын алды», – делінген Өзбекстан Республикасы Президентінің жеделхатында.

Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон өз хатында Елбасының тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен өркендеуі жолындағы рөліне тоқталды.

«Сіз Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті ретінде ұзақ жылдар бойы атқарған жемісті қызметіңіздің арқасында үлкен абыройға және баршаның құрметіне бөлендіңіз. Қазіргі Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамудағы, елдің халықаралық беделін нығайтудағы орасан зор жетістіктері Сіздің есіміңізбен тығыз байланысты», – делінген Э.Рахмонның жеделхатында.

Украина Президенті Владимир Зеленский Қазақстанның Тұңғыш Президентіне мықты денсаулық пен ұзақ ғұмыр, еліміздің  өркендеуі жолындағы қызметіне жаңа табыстар тіледі.

«Сіздің мемлекет құрудағы бірегей тәжірибеңіз бен өмірлік даналығыңыз – достас Қазақстан халқының мүддесіне адал қызмет етудің жарқын үлгісі. Өзіңіздің күш-жігеріңіздің арқасында Украина мен Қазақстан арасында орнаған ынтымақтастық қатынастардың берік іргетасы алдағы уақытта да екі елдің мүддесіне сай өзара тиімді әріптестік байланыстарды тереңдетуге қызмет ететініне сенімдімін», – деп жазды В.Зеленский.

Корея Республикасының Президенті Мун Чжэ Ин өз жеделхатында жылы лебізі мен ізгі тілегін жеткізді.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

«2019 жылы Қазақстанға барған сапарымның аясында өткен кездесуімізде мен Сіздің көпжылдық тәжірибеңіз бен даналығыңызға тәнті болдым. Тәуелсіздіктің 30 жылында Қазақстанның зор табысқа қол жеткізуінде Сіз шешуші рөл атқардыңыз. Өзіңіздің көшбасшылық қасиеттеріңіздің арқасында Сіз мемлекеттің әрі қарай дамуының берік іргетасын қаладыңыз», – делінген жеделхатта. 

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Маңғыстауда карантин күшейтілді

Келесі жаңалық

Алматы облысында олимпиадалық үлгідегі теңдесі жоқ хауыз ашылды

Агзам Текенов

Агзам Текенов

Байланысты жаңалықтар

Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының төрағасы Абдулла Шахидпен кездесті
Саясат

Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының төрағасы Абдулла Шахидпен кездесті

Тамыз 12, 2022
Тоқаев премьер-министрді қабылдады
Саясат

Тоқаев премьер-министрді қабылдады

Тамыз 10, 2022
Тоқаев: Қарапайым азаматтардың ұлттық компаниялардың акцияларын иелену мүмкіндігі болуға тиіс
Басты

Тоқаевтың еңбек демалысы аяқталды

Тамыз 9, 2022
Қазақстанның Тайвань бойынша ресми ұстанымы айтылды
Саясат

Қазақстанның Тайвань бойынша ресми ұстанымы айтылды

Тамыз 4, 2022
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі тағайындалды
Саясат

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі тағайындалды

Тамыз 2, 2022
Тоқаев: Қарапайым азаматтардың ұлттық компаниялардың акцияларын иелену мүмкіндігі болуға тиіс
Басты

Тоқаев қысқа мерзімді еңбек демалысына шықты

Тамыз 2, 2022
Келесі жаңалық
Алматы облысында олимпиадалық үлгідегі теңдесі жоқ хауыз ашылды

Алматы облысында олимпиадалық үлгідегі теңдесі жоқ хауыз ашылды

Павлодар әкімдігі қала атауын өзгерту туралы желідегі хабарламаларға жауап берді

Павлодар әкімдігі қала атауын өзгерту туралы желідегі хабарламаларға жауап берді

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Нұр-Сұлтан «қызыл» аймақтан шықты

Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандар бойынша жаңа деректер жарияланды

Қаңтар 17, 2021
Пәтер сатып алуда алданбаудың тәсілдері

Пәтер сатып алуда алданбаудың тәсілдері

Сәуір 13, 2021
ПЛАС медиахолдингі «Финтех без границ. Цифровая Евразия» 2-ші Халықаралық ПЛАС-Форумын өткізеді

ПЛАС медиахолдингі «Финтех без границ. Цифровая Евразия» 2-ші Халықаралық ПЛАС-Форумын өткізеді

Тамыз 25, 2021

Топ жаңалықтар

  • Atamekenim.kz сайтында өтініш берудің қадамдық нұсқаулығы

    Atamekenim.kz сайтында өтініш берудің қадамдық нұсқаулығы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Алматы Полиция департаментіне жаңа басшы тағайындалды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қисық жол қисық мемлекеттің белгісі

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Демалыс күндерінің басты матчы: Англияның Суперкубогын кім алады?

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Ұзынағашта атыс болып, бір адам көз жұмды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Соңғы жазбалар

  • Ағылшын Премьер-Лигасы. Ең мықтылардың күресі
  • DOTA 2 Major: қай команда жеңіске жетеді?
  • Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының төрағасы Абдулла Шахидпен кездесті

Санаттар

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.