---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/07/06/pavlodar-aekimdigi-qala-atawyn-oezgertw-twraly-zhelidegi-habarlamalargha-zhawap-berdi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Павлодар әкімдігі қала атауын өзгерту туралы желідегі хабарламаларға жауап берді

![Павлодар әкімдігі қала атауын өзгерту туралы желідегі хабарламаларға жауап берді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/07/4634783.jpg)

**Желіде бірнеше блогер Павлодарды Сарыарқа деп атай бастады, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.**

Пікір жазушылардың кейбірі бұл қаланың атын өзгерту үшін жасалған арнайы PR науқаны екенін айтып жатыр.

Осындай блогерлердің бірі Мейіржан Төребаев.

Павлодар әкімдігінің баспасөз қызметі өкілдері бұл болжамдарды жоққа шығарды.

> — Павлодар атауын өзгерту жөніндегі ономастикалық комиссияға қандай да бір өтініштер мен ұсыныстар түскен жоқ. Қала әкімдігі мұндай мәселені қарастырмады. Сәйкесінше, блогерлерге ешқандай тапсырыс берілмеді және біздің тарапымыздан ешқандай пиар-науқан болған жоқ, — деп хабарлады Павлодар әкімдігінің баспасөз қызметіндегілер.

Павлодардың атауын өзгерту туралы қауесет биыл қаңтарында басталған. Бұл әлеуметтік желілерде үлкен дау тудырған еді. Бірқатар қоғамдық бірлестік пен ақсақалдар Павлодардың атауын Сарыарқа деп өзгертуді қолдады. Бұдан басқа, қалаға Тәшенов және Ертіс атауын беру ұсынылды.

---

Жарияланды: 2021-07-06T11:36:00+06:00

Жаңартылды: 2021-07-06T11:36:00+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/07/06/pavlodar-aekimdigi-qala-atawyn-oezgertw-twraly-zhelidegi-habarlamalargha-zhawap-berdi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.