---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/07/06/mangghystawda-karantin-kueshejtildi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Маңғыстауда карантин күшейтілді

![Маңғыстауда карантин күшейтілді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/05/1620957912yibm3_1000x768.jpg)

**Маңғыстау облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысы жарияланды, деп хабарлайды****Qazaqpress****.**

Қаулыға сәйкес, енді мейрамхана, кафе және кофехана типіндегі қоғамдық тамақтандыру объектілерінің қызметі, орналасқан жеріне қарамастан, күшейтілген режимде үстелдердің арасы кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, 50% келушілерман 30 отыратын орыннан аспайтын талаптарды сақтай отырып, жұмыс күндері сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істей алады.

«Ashyq» жобасына қатысатын қоғамдық тамақтану объектілері, оның ішінде банкет залдары (мейрамханалар мен дәмханалар типі бойынша қызмет көрсету, ас беру) үшін жұмыс және демалыс күндері сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін және ашық ауада сағат 7:00-ден 22:00-ге дейін (жазғы залдар) жұмыс істейді. Ұжымдық, салтанатты шаралар, отбасылық басқосулар және басқа да бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қатаң тыйым салынады. «Ashyq» жобасына қатысатын нысандарда еске алу өткізуге рұқсат бар.

Орналасқан жеріне қарамастан, фитнес-орталықтардың, фитнес-клубтардың, йога орталықтарының, спорттық-сауықтыру объектілерінің бассейндерді, сауналарды, СПА-ны салондар 5 адамнан аспайтын топпен «Ashyq» жобасына қатысатын объектілер үшін ғана жұмыс күндері сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс істейді. Сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым салынады. Сонымен қатар, қалааралық тұрақты автобустардың (шағын автобустардың) қозғалысына тыйым салынады. Қаулы 7 шілдеден бастап күшіне енеді.

---

Жарияланды: 2021-07-06T07:02:51+06:00

Жаңартылды: 2021-07-06T07:02:51+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Денсаулық](https://qazaqpress.kz/category/densauly%d2%9b/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/07/06/mangghystawda-karantin-kueshejtildi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.