---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/07/06/dawlaspajmyn-imanbek-roza-rymbaevanyng-pikirine-zhawap-berdi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# «Дауласпаймын» &#8212; Imanbek Роза Рымбаеваның пікіріне жауап берді

![«Дауласпаймын» &#8212; Imanbek Роза Рымбаеваның пікіріне жауап берді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/07/photo_83942.jpeg)

**Imanbek лақап атымен танылған Иманбек Зейкенов Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаеваның сөзіне жауап берді, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.**

Instagram желісіндегі Effectiverecords арнасының эфирінде Иманбек халық әртісінің пікірі туралы не ойлайтынын айтты.

> — Біріншіден, ол мен үшін ересек адам, аға буын, мен оны ешқашан сынамаймын. Қалай айтарымды да білмеймін. Мен дауласпаймын, бұл оның пікірі. Тыңдап, түсіндім. – деді «Грэмми» сыйлығының жеңімпазы.

Айта кетелік, Роза Рымбаева [Azattyq Rýhy](https://rus.azattyq-ruhy.kz/culture/25925-imanbek-eto-prosto-udacha-roza-rymbaeva-usomnilas-v-talante-obladatelia-gremmi) порталына берген сұхбатында Зейкеновтың жетістігі сәттілікке балады.

> — Керек кезде, керек жерде болу. Жолы болып кетті. Оның үстіне ол кәсіби музыкант емес. Бұл жай ғана сәттілік. Ырғағын, мәнерін ауыстырды да қойды, мұның бәрі компьютерде жасалады. Оны remix ретінде бағалады, автор ретінде немесе орындаушы, автор-өңдеуші ретінде емес. Жоқ, ол тек жылдамдығын үдетіп, балаларға тән ән шығып, ырғағы ауысты. – деді халық әншісі.

«*Тректің өзінде дыбыстың кейбір сиқыры жасырынғандай, ол дауыстың темпі мен тембрін біріктіретін ерекше формула**сияқты**» –*деді Иманбек Зейкенов The Variety басылымына берген сұхбатында. Осылайша, сол кезде Иманбекті әлемге танытқан, «[Грэмми» жүлдесіне](https://kaz.tengrinews.kz/music/imanbek-zeykenov-roses-remiksmen-gremmi-juldesn-jenp-aldyi-320114/) жеткізген Roses ремиксі дүниеге келген. Ол ремиксті бүкіл дүние жүзі тыңдайтынына күмәнмен қарап, тек «ВКонтакте» желісінде жариялаған. Артынша үлкен парақшалар осы ремиксті қолдана бастады.

---

Жарияланды: 2021-07-06T05:23:10+06:00

Жаңартылды: 2021-07-06T05:30:05+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: [Иманбек Зейкенов](https://qazaqpress.kz/tag/imanbek-zejkenov/), [пікір](https://qazaqpress.kz/tag/pikir/), [сұхбат](https://qazaqpress.kz/tag/suhbat/), [халық әртісі](https://qazaqpress.kz/tag/halyq-aertisi/)

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/07/06/dawlaspajmyn-imanbek-roza-rymbaevanyng-pikirine-zhawap-berdi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.