---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/07/05/aqtoebede-13-zhastaghy-bala-swgha-batyp-ketti/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Ақтөбеде 13 жастағы бала суға батып кетті

![Ақтөбеде 13 жастағы бала суға батып кетті](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/07/5cf1f62e97d95854773867.jpeg)

**Ақтөбе облысы, Хромтау ауданындағы Ор өзеніне 13 жастағы бала суға батып кетті, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Хабарлама ата-анасынан түскен. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы барды.

> «Оқушы суға шомылып жүріп батып кеткен. Денесін жергілікті тұрғындар судан алып шыққан. Бала су қоймасында ата-анасымен бірге болған. Су айдындағы балалар өмірінің қауіпсіздігі көп жағдайда ата-анаға байланысты. Табиғи және жасанды су айдындарында демалғанда балаға судағы қауіпсіздік ережесін мұқият түсіндіру керек» — деді Ақтөбе облысы ПД бастығы Атығай Арыстанов.

---

Жарияланды: 2021-07-05T08:17:52+06:00

Жаңартылды: 2021-07-05T08:17:52+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/07/05/aqtoebede-13-zhastaghy-bala-swgha-batyp-ketti/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.