---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/07/05/almaty-oblysynda-karantin-kueshejtildi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматы облысында карантин күшейтілді

![Алматы облысында карантин күшейтілді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/07/603e105dde622661092664.jpg)

**Алматы облысында карантин күшейтілді, деп хабарлайды Qazaqpress.**

Бас мемлекеттік санитария дәрігерінің қаулысы ресми [сайтта](https://www.gov.kz/memleket/entities/kkkbtu/documents/details/186774?lang=ru) жарияланды.

Құжатқа сәйкес, фитнес-клубтар, СПА-орталықтары, сауналар, бассейндер, компьютерлік клубтар, боулинг клубтары, кинотеатрлар, театрлар мен филармониялар, тамақтану орындары, жазғы алаңдар, фуд-корттар, бильярд, концерт залдары, облысаралық және қалалық тұрақты емес тасымалдау, караоке, көрмелер, марафондар, лотерея клубтары, балалар ойын-сауық орталықтары, қонақ үйлер, цирк, әуежайлар мен теміржол вокзалдарын Ashyq жобасына қосу кеңейтіледі.

Сондай-ақ, ойын-сауық, бұқаралық іс-шараларды, көрмелерді, конференцияларды, форумдарды және т.б. өткізуге тыйым салынады. Букмекерлік кеңселердің жұмысына тыйым салынады.

Сонымен қатар, қоғамдық көліктерде, таксилерде, әуежайлар мен аялдамаларда санитарлық және дезинфекциялық өңдеу жүргізу міндетті болады.

Жиналыстар өткізуге тыйым салынады. Вакцина алмаған қызметкерлер үшін жұмыс орнына келуге шектеу қойылады. Бұл шектеулер қызметкерлерге: халыққа қызмет көрсету нысандарына, көтерме және бөлшек сауда нысандарына, мәдениет және демалыс, жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын нысандарға, білім беру және тәрбиелеу ұйымдарына, қоғамдық тамақтану ұйымдарына, дәрігерлерге, дәріхана ұйымдарына, қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету нысандарына, демалыс орындарына, байланыс және телекоммуникация нысандарына және басқаларға қатысты.

Вакцина алмаған қызметкерлер үшін 7 күнде бір рет ПТР-сынама тапсыру міндетті болады.

---

Жарияланды: 2021-07-05T10:48:43+06:00

Жаңартылды: 2021-07-05T10:48:43+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Денсаулық](https://qazaqpress.kz/category/densauly%d2%9b/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/07/05/almaty-oblysynda-karantin-kueshejtildi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.