Қазақстанда өткен тәулікте 2765 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Qazaqpress COVID-19 бойынша ведомствоаралық комиссияға сілтеме жасап.
Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы — 797, Алматы қаласы — 385, Шымкент қаласы — 131, Ақмола облысы — 98, Ақтөбе облысы — 35, Алматы облысы — 88, Атырау облысы — 137, Шығыс Қазақстан облысы — 83, Жамбыл облысы — 37, Батыс Қазақстан облысы — 157, Қарағанды облысы — 463, Қостанай облысы — 53, Қызылорда облысы — 33, Маңғыстау облысы — 142, Павлодар облысы — 65, Солтүстік Қазақстан облысы — 20, Түркістан облысы — 41.
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны — 430 928.
Сонымен қатар, кейінгі тәулікте 1453 адам коронавирустан айығып шықты.
Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы — 470, Алматы қаласы — 102, Шымкент қаласы — 65, Ақмола облысы — 32, Ақтөбе облысы — 35, Алматы облысы — 29, Атырау облысы — 94, Шығыс Қазақстан облысы — 61, Жамбыл облысы — 15, Батыс Қазақстан облысы — 158, Қарағанды облысы — 257, Қостанай облысы — 35, Қызылорда облысы — 17, Маңғыстау облысы — 33, Павлодар облысы — 27, Солтүстік Қазақстан облысы — 11, Түркістан облысы — 12.
Қазақстан бойынша аурудан айыққандар саны — 399 279.
Discussion about this post