---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/07/02/mamin-altyn-orda-bazaryndaghy-zhol-ajryghy-twraly-osy-zhylghy-qarasha-ajynda-pajdalanwgha-berw-qazhet/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Мамин «Алтын Орда» базарындағы жол айрығы туралы: Осы жылғы қараша айында пайдалануға беру қажет

![Мамин «Алтын Орда» базарындағы жол айрығы туралы: Осы жылғы қараша айында пайдалануға беру қажет](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/07/1625212131_11-1.jpg)

**ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Алматы қаласына жұмыс сапары аясында «Алтын Орда» базары маңындағы көлік айрығы – «Алматы-Бішкек» автомобиль жолының 16-19 км учаскесін қайта жөндеу барысымен танысты, деп хабарлайды Qazaqpress primeminister.kz-ке сілтеме жасап.**

Жоба инженерлік коммуникацияларды қайта орната отырып, учаскені 4 жолақтан 10 жолаққа дейін кеңейтуді, негізгі магистральдық эстакаданы, «таға» түріндегі бұрылу эстакадасын, Ақсай өзені арқылы өтетін көпірді, сондай-ақ жерүсті жаяу жүргіншілер өткелдерін салуды көздейді. Үкімет басшысы барлық сапа стандарттарын қамтамасыз ете отырып, жұмыс қарқынын арттыруды және оларды биыл қазан айында аяқтауды тапсырды.

> «Көлік айрығын осы жылғы қараша айында пайдалануға беру қажет. Жоба Алматы қаласы мен Алматы облысы арасындағы көлік қатынасын жақсартады», — деді А. Мамин.

---

Жарияланды: 2021-07-02T08:56:53+06:00

Жаңартылды: 2021-07-02T08:56:53+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/07/02/mamin-altyn-orda-bazaryndaghy-zhol-ajryghy-twraly-osy-zhylghy-qarasha-ajynda-pajdalanwgha-berw-qazhet/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.