---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/07/02/almaty-oblysynda-er-adam-oezenge-aghyp-ketti/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматы облысында ер адам өзенге ағып кетті

![Алматы облысында ер адам өзенге ағып кетті](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/07/2021070117154955896_sharyn.jpg)

**Алматы облысында ер адам өзенге ағып кетті, ****деп хабарлайды****Qazaqpress****Zakon.****kz****-ке сілтеме жасап. **

> «Алматы облысы Кеген ауданындағы Шарын өзеніне ағып кеткен 37 жасар азаматты құтқарушылар іздестіріп жатыр. Бүгін — 1 шілдеде сағат 11.15-те «112» пультіне осындай хабар түскен. Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін оқиға болған жерге тез арада Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен құралдары жіберілді. 15 адамнан және 4 техникадан тұратын жеке құрам оқиға орнында жұмыс істеді. Сағат 12:05-те оқиға орнына сегіз адамнан және бір кинолог қызметінен тұратын ҚР ТЖМ республикалық жедел-құтқару жасағының мамандары жетті. Кейін «Қазәуеқұтқарудың» тікұшағы көкке көтерілді», деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

Айта кетсек, ер адам туристік топпен жүріп, фотоға түсемін деп суға ағып кеткен.

---

Жарияланды: 2021-07-02T05:05:36+06:00

Жаңартылды: 2021-07-02T05:05:36+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/07/02/almaty-oblysynda-er-adam-oezenge-aghyp-ketti/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.