---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/07/01/toqaev-esep-komitetining-toeraghasyna-tiisti-tapsyrmalar-berdi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Тоқаев Есеп комитетінің төрағасына тиісті тапсырмалар берді

![Тоқаев Есеп комитетінің төрағасына тиісті тапсырмалар берді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/07/2021070111075945251_5-0.jpg)

**Мемлекет басшысы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдады**, **деп хабарлайды Qazaqpress Akorda.kz-ке сілтеме жасап.**

Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунова Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа 2020 жылғы республикалық бюджеттің жұмсалуына қатысты Үкіметтің есебі бойынша шығарылған негізгі қорытындылар жөнінде есеп берді. Құжат өткен аптада Парламенттің бірлескен отырысында қабылданған болатын.

Сонымен қатар Наталья Годунова жер ресурстарын басқаруға, арнаулы экономикалық аймақтарға және «Тау-кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы» акционерлік қоғамына жүргізілген тексерістердің негізгі қорытындылары туралы баяндады.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы Есеп комитетінің төрағасына тиісті тапсырмалар берді.

---

Жарияланды: 2021-07-01T08:29:28+06:00

Жаңартылды: 2021-07-01T08:29:28+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/07/01/toqaev-esep-komitetining-toeraghasyna-tiisti-tapsyrmalar-berdi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.