---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/07/01/nurlan-noghaev-aes-qurylysy-twraly-sheshim-aeli-qabyldanghan-zhoq/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Нұрлан Ноғаев АЭС құрылысы туралы: Шешім әлі қабылданған жоқ&#8230;

![Нұрлан Ноғаев АЭС құрылысы туралы: Шешім әлі қабылданған жоқ&#8230;](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/07/d771cca3465b7c1862f8744f82080c05.jpg)

**Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев Қазақстанда атом электр стансасын салу туралы шешім әлі қабылданбағанын айтты**, **деп хабарлайды** **Qazaqpress****Zakon.****kz****-ке сілтеме жасап.**

> «Энергетика министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірге Мемлекет басшысының қоғамдық пікірді және атом электр стансасы құрылысының мүмкін болатын әсерін зерделеу бойынша тапсырмаға сай жұмыстар жүргізіп жатыр. Әзірге, шешім қабылданған жоқ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бізге асығудың қажеті жоқ, бірақ біз де артта қалмауымыз керек екенін айтты. Сондықтан біз ықтимал тәуекелдер мен алаңдаушылық туғызатын қауіп-қатерлерді жан-жақты қарастыруымыз керек, содан соң қоғамдық пікірді ескере отырып шешім қабылданады. Бүгінгі күнге дейін ешқандай шешім қабылданған жоқ», — деді Энергетика министрі Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Айта кетсек, 26 мамырда электр энергетикасын дамыту жөніндегі кеңесте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атом энергиясын ескермеуге болмайтынын мәлімдеді.

---

Жарияланды: 2021-07-01T05:23:48+06:00

Жаңартылды: 2021-07-01T05:23:48+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/07/01/nurlan-noghaev-aes-qurylysy-twraly-sheshim-aeli-qabyldanghan-zhoq/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.