---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/07/01/almatyda-koeshedegi-aezhethana-qudyghyna-eki-bala-men-aezhesi-qulap-mert-boldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматыда көшедегі әжетхана құдығына екі бала мен әжесі құлап мерт болды

![Алматыда көшедегі әжетхана құдығына екі бала мен әжесі құлап мерт болды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/07/photo_366445.jpeg)

**Алматы қаласы Наурызбай ауданы Абай аулында екі бала мен олардың әжесі көшедегі әжетхананың кәріз құдығына құлап қаза тапты, деп хабарлайды Qazaqpress ҚР ТЖМ РЖДЖ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.**

Құдыққа бірінші болып 2020 жылы туған қыз құлаған. 2009 жылы туған ағасы қарындасын өзі шығарып алмақ болған. Мұны көрген әжесі мен әкесі де оларды құтқаруға тырысқан. Қыз кәріз құдығына батып кетті, оның әкесі ғана тірі қалды, оны құтқарушылар келгенге дейін шығарып, жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырған.

РЖДЖ құтқарушылары бала мен әжесін құдықтан шығарған, бірақ олардың өмірін құтқара алмады.

> — Республикалық жедел құтқару жасағы ескертеді: балаларды қараусыз қалдырмаңыздар, мұқият және сақ болыңыздар, — деді құтқарушылар қазақстандықтарға.

---

Жарияланды: 2021-07-01T10:48:18+06:00

Жаңартылды: 2021-07-01T10:48:18+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/07/01/almatyda-koeshedegi-aezhethana-qudyghyna-eki-bala-men-aezhesi-qulap-mert-boldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.