---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/06/30/qazaqstan-parlamenti-kanikwlgha-ketti/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қазақстан Парламенті каникулға кетті

![Қазақстан Парламенті каникулға кетті](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/06/sb6wsczz.jpg)

**Қазақстан Парламентінің депутаттары демалысқа шықты**, **деп хабарлайды****Qazaqpress Zakon.kz****-ке сілтеме жасап.**

Қос палатаның бірлескен отырысында Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин ҚР Парламентінің VII шақырылымының бірінші сессиясының жабылғанын мәлімдеді.

> «Заңдарды қарау мен қабылдаудан басқа, осы сессия барысында депутаттар еліміздің экономикалық және әлеуметтік өміріндегі өзекті мәселелер бойынша бірқатар іс-шаралар ұйымдастырды. Парламент қабырғасында өткен сессия барысында санитарлық-эпидемиологиялық шектеулерге қарамастан, үш үкіметтік сағат, бір парламенттік тыңдалым, 35 дөңгелек үстел және комитеттердің тыс жерде 8 отырысы өтті. Сонымен қатар, еліміздің тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған «Астанадағы ЕҚЫҰ Саммиті 2010 — тарихи маңызы мен өзектілігі» тақырыбында осы оқиғаның 10 жылдығына арналып онлайн-конференция ұйымдастырылды», — деді ол.

---

Жарияланды: 2021-06-30T08:17:44+06:00

Жаңартылды: 2021-06-30T08:17:44+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/06/30/qazaqstan-parlamenti-kanikwlgha-ketti/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.