---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/06/30/nur-sultanda-lrt-qurylysy-resmi-tuerde-qajta-bastaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Нұр-Сұлтанда LRT құрылысы ресми түрде қайта басталды

![Нұр-Сұлтанда LRT құрылысы ресми түрде қайта басталды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/06/photo_83705.jpeg)

**Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов LRT құрылысы ресми түрде қайта басталғанын айтты, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. **

> — Қазір құрылыс маусымына байланысты жұмыстар қайта жанданды. Шарт бұрынғы, олар келісімшарттарда белгіленген. Бізде қытайлық та, жергілікті де серіктестер бар. Шарт міндеттемелеріне сәйкес жұмыстар жүріп жатыр.
> 
> 
> 
> 
> Жұмыс белсенді жүріп жатыр деп айта алмаймын. Белсенді жұмыс қаржының түскеніне қарай жалғасады. Қазір конкурстық рәсімдер, банктерді таңдау жүріп жатыр. Қаржыландыру көзін анықтағаннан кейін жұмысты белсенді түрде бастаймыз, — деді әкім ОКҚ онлайн-брифингінде журналистердің сұрағына жауапта.

Алтай Көлгіновтің айтуынша, бетон немесе құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізбес бұрын міндетті түрде техникалық сараптама жүргізіледі.

> — Бұл техникалық қадағалау бөлімінің бақылауында. Техникалық қадағалау бар. Мамандар жұмыс істеп жатыр, — деді ол.

---

Жарияланды: 2021-06-30T09:19:34+06:00

Жаңартылды: 2021-06-30T09:19:34+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Қоғам](https://qazaqpress.kz/category/qogham/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/06/30/nur-sultanda-lrt-qurylysy-resmi-tuerde-qajta-bastaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.