---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/06/30/nur-sultanda-karantin-taghy-da-kueshejtildi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Нұр-Сұлтанда карантин тағы да күшейтілді

![Нұр-Сұлтанда карантин тағы да күшейтілді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2020/12/bg8.jpg)

**Нұр-Сұлтанда карантин талаптары тағы да күшейтілді, деп хабарлайды Qazaqpress.**

Елорда бас санитария дәрігерінің жаңа қаулысы шықты.

Қаланың бас санитария дәрігері Сархат Бейсенова Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты қаулы етті:

- онлайн форматта ұйымдастыруды қоспағанда, жабық ғимараттарда қалалық мәдени іс-шараларды өткізуге тыйым салу;
- саябақ аймағында орналасқан ашық ауадағы аттракциондардың барлық түрлеріне тыйым салу;
- Ashyq жобасына қатысатын субъектілер (объектілер) үшін театрлардың, филармониялардың жұмысын отыратын орындар санының 20%-нан аспайтын толтырумен, көрермендерді қатардың ұзындығы бойынша  арасында екі кресло қалдырып және қатарлар бойынша шахматтық тәртіппен отырғызып, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды  сақтаумен, акциялар өткізбей, жұмыс кестесін жұмыс және демалыс күндері сағат 10.00-ден 24.00-ге дейін белгілеумен ұйымдастыру;
- Ashyq жобасына қатысатын субъектілер (объектілер) үшін  кинотеатрлардың жұмысын отыратын орындар санының 30%-нан аспайтын толтырумен, көрермендерді қатардың ұзындығы бойынша  арасында екі кресло қалдырып және қатарлар бойынша шахматтық тәртіппен отырғызып, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды  сақтаумен, акциялар өткізбей, жұмыс кестесін жұмыс және демалыс күндері сағат 10.00-ден 24.00-ге дейін белгілеумен ұйымдастыру.

---

Жарияланды: 2021-06-29T20:29:15+06:00

Жаңартылды: 2021-06-29T20:29:15+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/06/30/nur-sultanda-karantin-taghy-da-kueshejtildi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.