---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/06/30/koronavirwsqa-qarsy-ekpe-saldyrw-kerek-pe/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Коронавирусқа қарсы екпе салдыру керек пе?

![Коронавирусқа қарсы екпе салдыру керек пе?](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/06/photo_366315.jpeg)

**Коронавируспен ауырып шыққан адамға екпе салдыруға бола ма, деген сауалға Қазақстан профилактикалық медицина академиясының президенті Алмаз Шарман жауап берд, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.**

Алмаз Шарманның пікірінше, адам ағзасындағы антиденелердің мөлшері ешқашан да артық болмайды.

> «Қазір әлемде вакцинаның шамамен 3 миллиард дозасы салынған. Олардың арасында коронавирус жұқтырып, жазылғандар аз емес. Ауырып шыққандарға вакцина салынса, иммунитет 50 есеге дейін күшейеді, яғни, қорғаныс күші артады. Бір сөзбен айтқанда, нағыз қорғалғандар – ауырып жазылған соң, вакцина салдырғандар», – деді медицина академиясының президенті.

Сонымен қатар, Алмаз Шарман соңғы зерттеулерге сәйкес, «дельта» штамы антиденелерге қарамастан жұғатынын айтты.

> «Сондықтан, ауырып, жазылып, антиденелер ағзада болса да, вакцина салдыруға кеңес беремін» – деп қорытындылады сөзін маман.

---

Жарияланды: 2021-06-30T05:55:59+06:00

Жаңартылды: 2021-06-30T06:57:13+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Денсаулық](https://qazaqpress.kz/category/densauly%d2%9b/)

Тегтер: [антиденелер](https://qazaqpress.kz/tag/antideneler/), [Екпе](https://qazaqpress.kz/tag/ekpe/), [медицина академиясының президенті](https://qazaqpress.kz/tag/medicina-akademiyasynyng-prezidenti/)

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/06/30/koronavirwsqa-qarsy-ekpe-saldyrw-kerek-pe/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.