Коронавирусқа қарсы екпе салдыру керек пе?

Коронавирусқа қарсы екпе салдыру керек пе?

Коронавируспен ауырып шыққан адамға екпе салдыруға бола ма, деген сауалға Қазақстан профилактикалық медицина академиясының президенті Алмаз Шарман жауап берд, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Алмаз Шарманның пікірінше, адам ағзасындағы антиденелердің мөлшері ешқашан да артық болмайды.

«Қазір әлемде вакцинаның шамамен 3 миллиард дозасы салынған. Олардың арасында коронавирус жұқтырып, жазылғандар аз емес. Ауырып шыққандарға вакцина салынса, иммунитет 50 есеге дейін күшейеді, яғни, қорғаныс күші артады. Бір сөзбен айтқанда, нағыз қорғалғандар – ауырып жазылған соң, вакцина салдырғандар», – деді медицина академиясының президенті.

Сонымен қатар, Алмаз Шарман соңғы зерттеулерге сәйкес, «дельта» штамы антиденелерге қарамастан жұғатынын айтты.

«Сондықтан, ауырып, жазылып, антиденелер ағзада болса да, вакцина салдыруға кеңес беремін» – деп қорытындылады сөзін маман.