---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/06/30/aqbota-sejitmaghambet-telezhuergizwshilikke-bet-burdy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Ақбота Сейітмағамбет тележурналистикаға бет бұрды

![Ақбота Сейітмағамбет тележурналистикаға бет бұрды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/06/20210630_122030.jpg)

**Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Ақбота Сейітмағамбет әншілік пен актерліктен бөлек, енді өзін жаңа қырынан таныстырмақ, деп хабарлайды Qazaqpress KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап.**

Өнер иесі тележүргізушілікке бет бұрды.

Ақбота Сейітмағамбет «Алматы» телеарнасындағы «Таңғы хабар» бағдарламасының жүргізушісі болды. Кино-әртіс жаңа қызметі жайлы өзінің Instagram парақшасында жариялады.

> «Таңғы хабар» бағдарламасында алғашқы күн сәтті өтті! Ат салысқан командаға алғысым шексіз», – деп жазды өнер иесі.

Ару әнші аталмыш бағдарламаны белгілі отандық әртіс Шерхан Пірназаровпен бірге жүргізеді. Шерхан да әлеуметтік желі арқылы өзінің жаңа әріптесін таныстырды.

Желі қолданушылары Ақботаны жаңа бастамасымен құттықтап, қызметінде сәттілік тіледі. Олар өнер иесінің қатысуымен болатын эфирді асыға күтетіндерін жазып, ілтипат білдірді. Сонымен қатар кейбір оқырмандар әртістің өнер саласынан кетіп қалатынына алаңдаған болатын. Алайда, жанкүйерлерінің басым бөлігі Ақбота жұмысын қатар алып жүретініне күмән келтірмеді.

---

Жарияланды: 2021-06-30T06:20:42+06:00

Жаңартылды: 2021-06-30T06:55:31+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Мәдениет](https://qazaqpress.kz/category/m%d3%99deniet/)

Тегтер: [Ақбота Сейітмағамбет](https://qazaqpress.kz/tag/aqbota-sejitmaghambet/), [жаңа қызмет](https://qazaqpress.kz/tag/zhanga-qyzmet/), [тележүргізуші](https://qazaqpress.kz/tag/telezhuergizwshi/), [шоу-бизнес](https://qazaqpress.kz/tag/show-biznes/), [әртіс](https://qazaqpress.kz/tag/aertis/)

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/06/30/aqbota-sejitmaghambet-telezhuergizwshilikke-bet-burdy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.