---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/06/30/almatyda-transulttyq-qylmystyq-toptyng-ujymdastyrwshysy-ustaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматыда трансұлттық қылмыстық топтың ұйымдастырушысы ұсталды

![Алматыда трансұлттық қылмыстық топтың ұйымдастырушысы ұсталды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/06/1624962829_1624962164_208997275_4462064370491752_10.jpg)

**ҚР ҰҚК Ауғанстаннан Қазақстанға заңсыз жолмен есірткі тасымалдау арнасын ұйымдастырған трансұлттық қылмыстық топтың қызметін тоқтатты,** **деп хабарлайды****Qazaqpress Zakon.kz****-ке сілтеме жасап.**

> «Халықаралық арнайы операция нәтижесінде 2021 жылдың 15 маусымында Алматыда 25 келі ауыр есірткімен есірткі тасымалы арнасын ұйымдастырушы, «М» есімді азамат ұсталды. Ол ұқсас қылмысы үшін Ресейде де іздеуде жүрген. Аталған тұлға қылмыстық жауапкершіліктен жалтару үшін Тәжікстан азаматының жалған паспортын қолданған», — деп хабарлады ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

Оның сыбайласы болған Қазақстан азаматы да ұсталды.

Сотқа дейінгі тергеу материалдары ҚР Қылмыстық кодексінің 286-бабының 4-бөлігі және 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізімінде тіркелді.

Есірткі тасымалы қылмысына қатысы бар тұлғаларды анықтау шаралары жалғасуда.

---

Жарияланды: 2021-06-29T20:25:58+06:00

Жаңартылды: 2021-06-29T20:25:58+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/06/30/almatyda-transulttyq-qylmystyq-toptyng-ujymdastyrwshysy-ustaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.