Павлодарда жол апатынан екі адам қаза тапты

Павлодарда жол апатынан екі адам қаза тапты

Павлодарда екі жеңіл автокөлік соқтығысып, соның салдарынан оқиға орнында жүргізуші мен жолаушы қаза тапты, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«27 маусымда сағат 02.55-те Павлодар қаласындағы Астана және Есеналиев көшелерінің қиылысында «Тойота Виндом» және «Лада Гранта» автокөліктері соқтығысты. Жол апаты салдарынан «Лада Гранта» автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында көз жұмды», – деді Павлодар облыстық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.