ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкім шықты

ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкім шықты

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды, деп хабарлайды Qazaqpress.

— Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2-тармақшасына сәйкес, 2021 жылғы 30 маусымда сағат 10-да Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы шақырылсын, — делінген өкім мәтінінде.