---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/06/25/nazarbaev-spwtnik-v-vakcinasyn-saldyrdy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Назарбаев «Спутник V» вакцинасын салдырды

![Назарбаев «Спутник V» вакцинасын салдырды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/06/photo_83539.jpeg)

**Қазақстанның Тұңғыш Президенті Қарағанды фармацевтикалық зауытында шығарылған «Спутник V» вакцинасының бірінші компонентін салдырды, деп хабарлайды****Qazaqpress Elbasy.kz****-ке сілтеме жасап. **

Вакцина алғаннан кейін Елбасы қазақстандықтарды санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік талаптарын сақтауға және белсенді түрде екпе салдыруға шақырды.

> «Қазіргі уақытта Қазақстанда үш миллионға жуық адам вакцина салдырды. Бүгін мен де коронавирусқа қарсы вакцина алдым. Қазақстандықтарды белсенді түрде вакцина алуға, одан қорықпауға шақырамын. Әсіресе қазір вирустың жаңа штамы пайда болған кезде вакцина салғызудың маңызы ерекше. Бұл өз денсаулығымыз үшін керек. Біз күрделі уақытта өмір сүріп жатырмыз. Осы қиындықты бірлесіп еңсеруге тиіспіз. Баршаңызға шын жүректен мықты денсаулық пен бақ-береке тілеймін», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

---

Жарияланды: 2021-06-25T15:11:16+06:00

Жаңартылды: 2021-06-25T15:11:16+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Денсаулық](https://qazaqpress.kz/category/densauly%d2%9b/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/06/25/nazarbaev-spwtnik-v-vakcinasyn-saldyrdy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.